User Settings
Open AccessArticle10.31489/2024ph2/115-127

«Йана» тұлғасының қазіргі сипаты мен қызметі

TL;DRAbstract

Қазақ тіл білімінде жалғаулықтардың грамматикалық қызметін зерттеу профессор Р.Әміровтен басталып, онан беріде бірнеше диссертация қорғалды. Алайда жалғаулықтардың грамматикалық табиғаты түгелдей анықталып болды деуге әлі ертерек. Мәселен, бір ғана «және» тұлғасының өзіне қатысты қаншама түйткілді мәселе бар. Бұған, біріншіден, «және» тұлғасының грамматикалық функциясының уақыт өте келе кеңеюі ықпал етсе, екінші жағынан, жалғаулықтар лингвистикалық табиғатының күні бүгінге дейін зерттеліп бітпегені себеп болып отыр. Мақалада «және» тұлғасының грамматикалық ерекшелігі «тағы» және «қайта» тұлғаларымен салыстырыла қаралады. Өйткені бұл тұлғалардың өзара квазисиноним болатын мүмкіндігі бар. Мұның себебі ең әуелі тарихи даму процесімен байланысты. Сондықтан ертедегі «йана», қазіргі «және» тұлғасының тарихи даму сатысына орай транспозициялануын арнайы зерттеу қажеттігі туындайды. Нәтижесінде «және» тұлғасының грамматикалық функциясы ғылым талабына орай мүлде жаңаша көзқараста сипатталып отыр

Chat with Paper

AI Agents for this Paper

Keywords

Chat

Click to start Chat